Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының «Айқын» бастауыш партия ұйымында Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз күніне орай «Ұлттық мұра» және «Бақытты отбасы» жобалары аясында «Қазақтың келіндір-ай» атты сайыс өтті.

Шараға партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, партияның облыстық филиалының «Әйелдер қанатының» тең төрайымы Мұсаева Гүлшат Исақызы қатысты.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Қатысушылар ұлттық өнеріміз бен рухымызға тән асыл қасиеттерді сахналап, ұлттық ойындарымызды, қолөнер туындыларын тарту етті.

Сайыс төрт кезең бойынша өрбіді. Олар:

1. Қане таныс болайық!;

2. Өнерлі өрге жүзер;

3. Қазақтың ырымдары мен тыйымдары;

4. Қазақтың ұлттық ойындары.

Қатысушылардың барлығы жоғарғы деңгейде сынға түсіп, жанды дауыста ән айтып, мың бұрала би билеп, айтысып, керемет қойылым қойды.

Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша сайысқа қатысушылардың ішінен жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар әділ бағамен іріктелді. Оларға партия тарапынан құнды сыйлықтар мен диплом табысталды.

#AMAMAT

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *