Белгілі ақын Темірхан Медетбек өмірден өтті
Қазақ поэзиясына құбылыс болып келген, ұлттың асқақ рухты ұлы ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Темірхан Медетбек дүниеден өтті. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, белгілі ақын Қасымхан Бегманов хабарлады.
Темірхан Медетбек 1945 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Ол 1983 жылы «Көгершін қауырсындары» атты өлең кітабы үшін Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының, ал 2000 жылы «Тағдырлы жылдар жырлары» кітабы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды.
Қоштасу рәсімі 12 мамыр күні сағат 10.00-де Әдебиетшілер үйінде өтеді.