Қызылордада «Ақмешіт» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Жеңістің 80 жылдығы аясында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберіндегі Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясовты еске алуға арналған волейболдан қалаішілік турнир өз мәресіне жетті.
Турнирдің қортынды шарасына партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов қатысты.
Бәсеке мен тартысқа толы спорттық сайыста барлық командалар белсенді ойын көрсетті. Ойын қортындысымен төрешілердің шешімі бойынша қалаішілік турнирден:
1 орынды 173 орта мектебінің командасы;
2 орынды 179 орта мектебінің командасы;
3 орынды 9 мектеп-гимназиясының командасы қанжығалады.
Сонымен қатар, партия тарапынан «Үздік ойыншы» және «Үздік шабуылшы» номинациясы табысталып, белсенді ойын көрсеткен он спортшыға кәдесый табысталды.
Айта кетейік, жеңімпаз командаларға қаржылай сыйлық, спорттық тауарлар және кубок табысталды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *