Әлеумет
Қызылордада тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді
«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Төрағасы Ибадулла Құттықожаев пен партия филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева тыл ардагері Кулбай Байбосыновпен кездесіп, Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.
Кулбай Жайлаубайұлы ұзақ жылдар бойы медицина саласында жемісті еңбек етті. Медицина училищесінде жастарға дәріп беріс, білгенімен бөлісті. Қызмет жолында облыстық «Қызыл ай» қоғамының төрағасы, Медицина саласындағы кәсіподақ төрағасы қызметтерін абыроймен атқарған.
Кездесуде Ибадулла Дүйсенбайұлы тыл ардагерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, партия атынан сыйлық табыстады.
Айта кетейік, партия тарапы қаладағы тыл ардагерлерін құттықтау жұмыстарын жалғастыруда.