«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыстан келетін циклон мен оған ілесетін атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Көптеген аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді. Солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде күндіз қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал. Ал оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда шаңды дауыл болуы мүмкін.

Солтүстік өңірлерде түнгі ауа температурасы 10-17 градустан 8-15 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 25-30 градустан 18-23 градусқа дейін салқындауы мүмкін.

Шығыста ауа райы аздап жылы болады: түнде 7-18 градустан 9-20 градусқа дейін, күндіз 22-33 градустан 24-35 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік-шығыста да шамалы жылыну байқалады: түнде 5-15 градустан 7-17 градусқа дейін, күндіз 22-30 градустан 25-35 градусқа дейін.

Оңтүстікте аптап ыстық күтіледі – кей жерлерде 40-42 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Фото: Ашық дереккөздерден

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *