Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық шеру өтті
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қызылорда облысы Қармақшы ауданында кең көлемде шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Атап айтқанда, аудан орталығы – Жосалы кентінде салауатты өмір салтын насихаттау мен ел Тәуелсіздігінің басты нышандарын ұлықтауға бағытталған велошеру өткізілсе, патриоттық рухты көтеріп, қоғамдық белсенділікті арттыру мақсатында автошеру ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұқаралық спортты дамыту және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында жеңіл атлетикадан марафон өткізіліп, жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар табысталды.
Іс-шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, спортшылар мен жастар белсене қатысып, отансүйгіштік сезімді нығайту мақсатында ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өткізілді.
Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі