Оңтүстік Африкада күннің күрт суытуынан 49 адам қаза тапты
Елде өткен аптаның соңынан бері жаңбыр мен қар қатар жауған. Қолайсыз күн райынан әсіресе Шығыс Каап провинциясы қатты зардап шекті. 58 мектеп пен 20 аурухана қираған. Метеорологтар қауіп-қатердің сары-қызғылт деңгейін жариялады.
Негізі Оңтүстік Африка Республикасында маусым мен тамыз аралығы қыс мезгілі болып саналады. Сынап бағанасы нөл градусқа дейін төмендеген. Нөсер соңы кей аймақтарда тасқынға ұласты. 13 оқушы мен 2 ересек мінген мектеп автобусын су шайып кеткен. 6 бала көз жұмып, 4-еуі із-түзсіз жоғалып кетті.