Қазақстанда астық жинайтын комбайндар өндірісі артты
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 449 астық жинайтын комбайн өндірілді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,7% артық.
Сонымен қатар ауыл және орман шаруашылығына арналған тракторлар өндірісі 39,3% өсті. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 3 915 трактор шығарылды.
Қазақстан нарығында тракторлар өндірісінің үлес салмағы (қаңтар-мамыр бойынша) 46,7% құрайды.
Фото: primeminister.kz