Қызылордада Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
Партияның қалалық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. 2025 жылы Қызылорда қаласы бойынша медициналық қызмет көрсету сапасы туралы;
2. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында 14 мыңнан астам жұмыссыздарды жұмыспен қамту бойынша;
3. Жастарға арналған «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық кредит беру бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері тыңдалды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндаған Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Динара Сарманованың айтуынша медициналық көмектің сапасына кадрлардың қажеттілігі, айтарлықтай әсер етеді. Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан кешенді шараларға қарамастан денсаулық сақтау саласында дәрігерлер тапшылығы сақталып отыр. Облысымыздағы жалпы тапшы 104 дәрігер бар, оның 45,2 пайызы (47 дәрігер) аудандарға тиесілі. Облыс әкімдігінің қолдауымен жүргізіліп жатырған кешенді іс-шаралардың нәтижесінде тапшылық жылдан жылға азаюда.
Екінші мәселе бойынша баяндама жасаған «Мансап» орталығының бөлім басшысы Тұрсынай Қойшыбаева: Жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар 461 адамға беру жоспарланып, 461 адамның мемлекеттік грант алуға бизнес жобасы комиссиямен құпталғанын атап өтті.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша:
— Қоғамдық жұмыстарға 3000 адамды жолдау жоспарланып, 3194 адам жолданды.
— Әлеуметтік жұмыс орындарына 189 адамды жолдау жоспарланып, 189 адам жолданды.
— Жастар тәжірибесіне 1330 жасты жолдау жоспарланып, 1381 жас маман жолданды.
— «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 70 жас маманды жолдау жоспарланып, 70 адам жолданды.
— «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 4 адамды жолдау жоспарланып, 4 адам жолданды.
— «Күміс жас» жобасына 757 адамды жолдау жоспарланып, 798 адам жолданды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе жастарға арналған «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық кредит беру бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша «Отбасы банк» АҚ Қызылорда филиалының бөлім басшысы Шыңғыс Құттықов:
Қазіргі таңда, жергілікті құрылыс компаниясымен келіссөздер өз мәресіне жетіп, аталған суммаға тағы да 100 жас отбасын баспанамен қамту жоспарлануда. Екінші кезеңнің кандидаттарынан өтінімдер қабылдау әдеттегідей Конкордия платформасы арқылы жүргізілмек. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының басына жоспарланған шараның қорытындысымен, өңіріміздің тағы бір 100 жас отбасының тұрғын үй мәселесін шешуге қол жеткізу көзделіп отыр – деді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия мүшелері тиісті ұсыныстарын жеткізді.