Қызылордада партия белсенділері марапатталды
Партияның қалалық филиалында ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті.
Жиында партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева партия белсенділерін Конституция күнімен құттықтады.
— Ата Заңымыз – ел тәуелсіздігінің тірегі, мемлекетіміздің демократиялық дамуының берік негізі. Конституцияда адам құқығы мен бостандығының кепілдігі, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің алтын арқауы айқындалған. Осы жылдар ішінде Конституцияға сүйене отырып, еліміз талай сындарлы кезеңнен сүрінбей өтті. Халықтың бірлігі мен мемлекетіміздің мызғымас негізін қалаған бұл тарихи құжат – әрқайсымыздың ортақ құндылығымыз. Партиямыздың белсенді мүшелері ретінде Сіздер ел арасында Конституцияда айқындалған құндылықтарды насихаттап, әділетті қоғам құру жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Бұл еңбектеріңіз – ел дамуына қосылған зор үлес. Осы мерейлі сәтте баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халық игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!,-деді Гүлшат Исақызы.
Басқосуда партияның дамуына ерекше үлес қосқан белсенді азаматтар Алғыс хатпен, сыйлықтармен марапатталды.