Қазақстанда 2026 жылға арналған республикалық бюджет жобасында негізгі әлеуметтік көрсеткіштер белгіленді. Құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланып, 3 қыркүйекке дейін қоғам талқылауында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоба қабылданған жағдайда, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендегідей мөлшерлер бекітіледі:

  • ең төменгі жалақы – 85 мың теңге (2025 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз),
  • ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (+6 278 теңге),
  • ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 35 596 теңге (+3 236 теңге),
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге (+393 теңге),
  • ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге (+4 623 теңге).

Сонымен қатар 2026 жылы жасына байланысты зейнетақылар мен еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 10%-ға ұлғаймақ.

Айта кетейік, қазақстандықтардың зейнетақысы бірнеше құрамдас бөліктен тұрады: бюджеттен төленетін базалық зейнетақы, еңбек өтілі 1998 жылға дейінгі азаматтарға арналған ынтымақтық зейнетақы және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін жинақтаушы зейнетақы.

Бюджет жобасын талқылау 3 қыркүйекте аяқталады.

Фото: Артем Чурсинов

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *