Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тұрғындар «Өскемен – Риддер» автомобиль жолының жөндеу жұмыстары туралы сұрады. Ведомство өкілдері биылғы жылы аталған жолда көлік қатынасы толық қамтамасыз етілетінін, ал келесі жылы толық пайдалануға берілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, курорттық аймақтарда әуежай құрылысына тартылған компанияның ауыр жүк көліктерінің қозғалысы талқыланды. Вице-министрдің айтуынша, бұл бағытта мердігермен тиісті жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта жүк көліктері айналма жолдар арқылы қатынауда, ал құрылыс аяқталған соң мердігер ұйым зақымданған учаскелерді өз есебінен қалпына келтіруге міндетті.

Өңір тұрғындары Ертіс өзенімен су көлігі арқылы жүк тасымалдауға қызығушылық танытты. Өз кезегінде Министрлік өкілдері бұл бағытта қазіргі уақытта тиісті жобалардың алдын ала жұмыстары мен ТЭН әзірленіп жатқанын хабарлады.

Басқа да өтініштердің қатарында – карьерлерді рәсімдеу жұмыстарын жеңілдету бойынша ұсыныстарды уәкілетті органдарға жеткізу, автожол ғылымын дамытуға ерекше назар аудару, сондай-ақ Өскемен қаласындағы теміржол вокзалын салу мерзімдері мен «Өскемен – Алтай» пойызының кестесін жолаушыларға ыңғайлы ету мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар, тұрғындар қалаішілік автокөліктің жағдайы мен оның экологиялық ахуалға әсерін қозғады.

Кездесу қорытындысы бойынша Талғат Ластаев көтерілген барлық мәселелер хаттамаға енгізіп, ерекше бақылауға алынатынын атап өтті.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *