«Қазақстан халқына» қорынының қолдауымен жасалған жұмыстарды көрді
Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов және Жарқынбек Амантайұлы Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы сапар барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбековпен бірге кенттегі №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде болып, «Қазақстан халқына» қорының қолдауы аясында жасалған жұмыстармен танысты.
Білім ордасына қордан 247 млн теңге қаржы бөлініп, химия, биология математика, информатика, робототехника, ағылшын, тарих, бастауыш сыныптар, инклюзивті кабинет, арт студия, теле студия, ұлдар, қыздар шеберханасы, физика, қазақ тілі секлді жалпы 28 кабинет жасақталған.
Халық қалаулылары жасалаған жұмыстарға оң бағасын беріп, «Қазақстан халқына» қорына ризашылықтарын білдірді.