«Дикий Арман» лақапатымен танылған Арман Жұмагелдиев сот үкіміне қарсы шағым түсірді, -деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты. 

«ҚазАқпараттың» мәліметінше, Алматы соты Арман Жұмагелдиевтің апелляциялық шағым түсіргенін растады. Белгілі болғандай, ол бірінші сатыдағы соттың шығарған үкімімен келіспей, істі қайта қарауды сұраған.

Соттың хабарлауынша, апелляциялық отырыс 14 қазанда Алматы қаласында жабық түрде өткен.

Арман Жұмагелдиев не үшін сотталған еді?

2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Арман Жұмагелдиев «бір топ адамды ұрып-соғып, еркінен тыс ұстап отырды» деген айыппен қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Бұл іс бойынша барлығы 43 адам тергелді. Тергеу материалдарында олардың қатарында кәсіпкер әрі Махатов қылмыстық тобының мүшесі ретінде аталған Қайрат Құдайберген мен ҰҚК-нің бесінші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов та бар.

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. 2025 жылдың шілдесінде Бас прокуратура Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан тағы бір адаммен бірге Жұмагелдиевтің Дубайдан экстрадицияланғанын мәлімдеген еді.

Қайда қамауда отыр?

ІІМ-нің «Курсив» басылымына берген ресми жауабында Жұмагелдиев жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтеп жатқанын хабарлаған. Дегенмен ведомство сотталушының нақты қай мекемеде отырғаны туралы ақпарат беруден бас тартқан, себебі мұндай мәліметтерді жариялау заңмен шектеледі.

Осылайша, «Дикий Арман» ісі бойынша апелляциялық кезең басталып, сот процесі жабық режимде жалғасуда.

Фото ашық дереккөздерден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *