Қазақстан азаматтарына баруға болмайтын 14 елдің тізімі жарияланды,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстардың ушығуына байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертті. Ведомствоның мәліметінше, аймақтағы жағдай толық тұрақтанғанға дейін бірқатар мемлекеттерге сапарлаудан уақытша бас тарту ұсынылады.

Министрлік жариялаған тізімге 14 ел енді. Олар: Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман және Сирия.

Сыртқы істер министрлігі аталған өңірлердегі ахуалдың тұрақсыз екенін айтып, қазақстандықтарға сапар жоспарлау кезінде қауіпсіздік мәселесін ескеруді және ресми ақпарат көздерін бақылап отыруды ұсынды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *