Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды. Бұл Reddit платформасындағы «Flags of the World» атты ауқымды онлайн-турнирдің нәтижесінде белгілі болды. 

Желі қолданушыларының дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан туы бірінші орынды иеленді.

Reddit желісіндегі r/flags тақырыптық қауымдастығында барлық ресми танылған мемлекеттер арасында ең үздік ту таңдалды.

Финалда Қазақстанның көгілдір байрағы Кирибати (Океаниядағы мемлекет) туын басып озды.

Қазақстан — біздің чемпионымыз! Барлығыңыз дауыс беріп, бұл туды әлемдегі ең үздік деп шештіңіздер. Қатысқандардың бәріне рахмет! Бұл үлкен әрі өте қызықты жұмыс болды, — делінген жарияланымда.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *