Қазақстан байрағы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды
Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды. Бұл Reddit платформасындағы «Flags of the World» атты ауқымды онлайн-турнирдің нәтижесінде белгілі болды.
Желі қолданушыларының дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан туы бірінші орынды иеленді.
Reddit желісіндегі r/flags тақырыптық қауымдастығында барлық ресми танылған мемлекеттер арасында ең үздік ту таңдалды.
Финалда Қазақстанның көгілдір байрағы Кирибати (Океаниядағы мемлекет) туын басып озды.
Қазақстан — біздің чемпионымыз! Барлығыңыз дауыс беріп, бұл туды әлемдегі ең үздік деп шештіңіздер. Қатысқандардың бәріне рахмет! Бұл үлкен әрі өте қызықты жұмыс болды, — делінген жарияланымда.
Фото: ашық дереккөз












