Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек QS халықаралық агенттігімен бірлескен зерттеу қорытындылары және оқытудың жаңа стандарты туралы мәлім етті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда барлық студентің оқу жоспарына, оқу бейініне қарамастан, ЖИ пәндері енгізілген. Сонымен қатар бірыңғай ЖОО аралық стандарт бекітілді, ал Академиялық адалдық лигасы білім беруде ЖИ пайдалану бойынша нұсқаулықты қабылдады.

Сондай-ақ диссертацияларды дайындау кезінде жасанды интеллектіні қолдануды реттейтін ғылыми дәрежелерді беру қағидасы толықтырылды. Оқытушылар жасанды интеллект саласында біліктілігін міндетті түрде арттыруы тиіс. Барлық жоғары оқу орыны үшін жасанды интеллектіні қолдану бойынша KPI көрсеткіші бекітілді.

«Осы әлеуетті жүзеге асыру үшін кадрлар даярлау мақсатында біз қажетті нормативтік-құқықтық базаны қалыптастырдық. Жасанды интеллект пәндері барлық студент үшін, мамандығына қарамастан, міндетті болып енгізілді», — деп атап өтті министр.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *