Саясат Нұрбек: Барлық студент мамандығына қарамастан жасанды интеллект пәнін оқиды
Оның айтуынша, бүгінгі таңда барлық студентің оқу жоспарына, оқу бейініне қарамастан, ЖИ пәндері енгізілген. Сонымен қатар бірыңғай ЖОО аралық стандарт бекітілді, ал Академиялық адалдық лигасы білім беруде ЖИ пайдалану бойынша нұсқаулықты қабылдады.
Сондай-ақ диссертацияларды дайындау кезінде жасанды интеллектіні қолдануды реттейтін ғылыми дәрежелерді беру қағидасы толықтырылды. Оқытушылар жасанды интеллект саласында біліктілігін міндетті түрде арттыруы тиіс. Барлық жоғары оқу орыны үшін жасанды интеллектіні қолдану бойынша KPI көрсеткіші бекітілді.
«Осы әлеуетті жүзеге асыру үшін кадрлар даярлау мақсатында біз қажетті нормативтік-құқықтық базаны қалыптастырдық. Жасанды интеллект пәндері барлық студент үшін, мамандығына қарамастан, міндетті болып енгізілді», — деп атап өтті министр.
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі












