Президент пәрмені: Былтыр Сырдария ауданында 9720 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Өткен жылы Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданында жалпы көлемі 9720 гектар құрайтын 13 жер учаскесі меншік иелерінің өз өтініштеріне сәйкес және пайдалану мерзімі аяқталуына орай ауданның арнайы қорына қайтарылған, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Ал биыл Сырдария ауданында жоспар бойынша 3500 гектар пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарылу керек. Бүгінде жыл басынан бері 6450 гектар болатын 5 жер учаскесі қайтарылып, жоспар толығымен орындалыпты.
Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі ұсынған мәліметке сүйенсек, ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тарту жұмыстары да жүргізілуде. Былтыр ауданның босалқы жер санатынан 14763 гектар болатын 63 жер учаскесі конкурсқа шығарылып, ауыл шаруашылығы айналымына 43 учаске (12481 га) еніпті. Оның ішінде көлемі 1650 гектар жер қайтарылған жерлер есебінен айналымға алынды. Бұған қоса 5 жыл мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен «шөп шабу үшін» көлемі 600 гектар болатын 4 жер учаскесі айналымына алынып, азаматтарға табысталған.
Айта кетейік, Президент тапсырмасымен 2022-2025 жылдары Сырдария ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 88,8 мың гектар (84 жер пайдаланушы мен меншік иелерінен) жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылса, айналымға тарту үшін 17,7 мың гектар жер учаскесі жеке және заңды тұлғаларға табысталған.
Айта кетейік, жер учаскелерін электронды табыстауды цифрландыру шарасы аясында өткен жыл мен осы жылдың 3 айында аудан бойынша 15 аукцион өткізіліп, көлемі 10,25 гектарды құрайтын 7 жер учаскесі сауда-саттықпен сатылды. Бұдан бөлек, 2025 жыл мен 2026 жылдың 3 айында азаматтар мен бөлім арасында 60 сатып алу-сату шарты жасалып, нәтижесінде жер учаскелерін сатудан бюджетке түсетін 30,2 млн теңге есептеліп, бүгінгі күнге 20 млн теңге қаражат бюджетке түскен.
Фото: ашық дереккөз










