Биыл Қызылорда облысына қарасты Қармақшы ауданындағы Иіркөл мен Төребай би ауылына газ желілерін тартуға жоба-сметалық құжат әзірленіп, құрылысы басталып кетті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

– Бүінде «Төребай би ауылына газ құбыры мен кварталішілік газ тарату желілерін салу» жобасы басталып кетті. Оның құны 480 млн теңгеге жуықтайды. Осы жоба барысында мердігер компания «Asia story KZ» ЖШС газға арналған 21,26 шақырым полиэтиленді және 16 метр болат құбырын орналастыруы тиіс. Қазір құбыр тарту жұмыстары өз уақытымен жүріп келеді. 98 тұрғын үйге газ нүктесін орнату қарастырылған, – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақытбек Жылтыров.

Аудандағы газдандыру жұмысы Иіркөл ауылында да жалғасын тапқан. Елді мекенге газ құбырын жүргізуге бюджеттен 378 млн теңгеден астам қаржы қаралыпты. Жоба бойынша «Aral Qurylys» серіктестігі 16 шақырымға жуық полиэтиленді газ және 389 метр болат құбырын жүргізеді. Қазір Иіркөлге «көгілдір отын» тарту үшін қажетті техникалар өз жұмысын бастап та кеткен.

Айта кетейік, бұған дейін Қармақшы ауданында қарасты Төретам кенті мен Ақай ауылына газ барып, көпшілікті қуантқан еді. Одан бөлек, Сырдария өзенінің екінші бетіндегі ауылдарға газ тарту жобасы қолға алынды. Өткен жылы Дүр Оңғар ауылын газдандыруға 7,1 млрд теңге қаржы бөлініп, құрылысы толық аяқталды. Нәтижесінде қармақшылықтардың 75,2 пайызы табиғи газбен қамтылып отыр.

Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *