Ақорда: Президент әкімшілігінің басшысы өзгерді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Осыған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған Айбек Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.
Фото: primeminister.kz











