Қызылорда облысы, Сырдария ауданы әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат депутаты Ержан Әжікеновпен бірге аудандық аурухана мен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына барып, ғимараттардың санитарлық тазалығы, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын және жылу қазандықтарының жай-күйін көрді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Мекеме аумақтарының жалпы санитарлық жағдайына, тазалық жұмыстарының жүйелі жүргізілуіне және қоршаған ортаның күтіміне айрықша назар аударылды. Сонымен қатар, көгалдандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Аумақты абаттандыру, гүлзарлар мен жасыл аймақтарды көбейту мәселелері де назардан тыс қалмады.
Аудан басшысы жылу қазандықтарының жұмыс барысын да қарап, олардың техникалық жай-күйіне тоқталды. Жабдықтардың талапқа сай жұмыс істеуі, қауіпсіздік шараларының сақталуы және алдағы жылыту маусымына дайындық деңгейі жан-жақты талқыланды.
Кездесу барысында денсаулық сақтау нысандарының тұрғындар үшін қолжетімді әрі қауіпсіз болуы басты назарда екені айтылды. Осыған байланысты санитарлық талаптарды сақтау, аумақты таза ұстау, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу қажеттігін ескертті. Жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *