Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.
Еңбек жолын 1997-1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.
2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.
2021-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
2022 жылдың 7 сәуірінен бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарды.
Айта кетейік, бұл лауазымды бұған дейін Роман Скляр атқарды. Кеше ол Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне ауысты.
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі











