ҚАЗГИДРОМЕТ:

06-09 маусым аралығында Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында06-13 маусым аралығында Ақтөбе, Қостанай облыстарында мол жауын-шашынның сақталуы күтіледі.

07-10 маусым аралығында Павлодар облысында07-12 маусым аралығында Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында ауа температурасы күндіз 30-37 градус қатты ыстыққа дейін жоғарылауы сақталады. Облыстардың басым бөлігінде жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

06-13 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында мол жауын-шашын болады деп болжануда.

08-12 маусым аралығында Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз 30-37 градус қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Облыстардың басым бөлігінде жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 07 маусымда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алматы қ.: 07 маусымда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

Шымкент қ.: 07 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

07 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

07 маусымда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с.                   

07 маусымда түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

07 маусымда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

07 маусымда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

07 маусымда түнде Ақмола облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

07 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігіндеекпіні 15-20 м/с.

07 маусымда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

07 маусымда түнде Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

07 маусымда Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

07 маусымда таңертең және күндіз Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз тауда екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

07 маусымда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

07 маусымда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

07 маусымда түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

07 маусымда Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

07 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың  солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

07 маусымда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *