Алматы хайуанаттар бағында сирек жануарлар төлдеп жатыр
Алматы хайуанаттар бағында аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурлардың төлдері дүниеге келді. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, лемурлардың екі жұбында егіз төл туған.
Алматы хайуанаттар бағында бірден бірнеше сирек жануар жұбы ата-ана атанды. Көктемгі беби-бум кезеңінде аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурлардың төлдері өмірге келді, – делінген хабарламада.
Сақиналы құйрықты лемурлардың екі жұбында төлдер 6 және 17 наурызда дүниеге келген. Қазіргі уақытта олар ата-аналарымен бірге мамандардың бақылауында.
Сонымен қатар, 6 наурызда аққол гиббонның төлі туған. Ол Алматы хайуанаттар бағында бірнеше буын бойы өсіріліп келе жатқан жануарлар әулетінің жалғасы болды.
Күн жылынғаннан кейін жануарлар отбасылары жазғы қоршауларға көшіп, жаңа ортаға бейімделіп жатыр. Келушілер олардың табиғи мекендеу ортасына барынша жақын жағдайда өзін қалай ұстайтынын бақылай алады, – деп қосты әкімдікте.
Фото: видеодан алынған кадр













