Ақордадағы ауыс-түйіс
Мемлекет басшысының жарлықтарымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Ал, Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ, Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Бұдан бөлек, Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.













