Қызылордада республика деңгейіндегі күрделі оталар жасалып жүр
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оның 3-4-і — республика деңгейінде жүргізілетін күрделі оталар.
— Биыл 6 айда 56 жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілді. Отаның 4 жаңа түрі қолданысқа енді. Олар — асқазан-бауыраралық жыланкөздің клипациясы, мениск түбірінің тігісі, балаларда лапороскопиялық пиелопластика, нейрохирургияда вагусты нейростимуляция. 84 науқасқа аритмологиялық ота жасалды. Бұдан бөлек жамбас буынына 77, тізе буынына 151 эндопротездеу отасы сәтті орындалды, — деді басқарма басшысы Алмас Әбілпатта.
Өңірде заман талабына сай медициналық технологияларды кеңінен қолдану арқылы жыл сайын 800-ге жуық онкологиялық жоғары мамандандырылған емдік-диагностикалық көмек көрсетіледі. Бұл онкологиялық ауруларды ерте анықтап, тиімді ем жүргізуге және науқастардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.
Фото: Көпбейінді Қызылорда облыстық ауруханасы












