Премьер-министр Олжас Бектенов колледж студенттері арасында салалық жұмысшы мамандықтарындағы құзыреттілік деңгейі бойынша WorldSkills Kazakhstan 2024 ұлттық чемпионаты өтіп жатқан алаңға барды. Онда ол қатысушылармен жүздесті.

Кездесуде, Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл техникалық және кәсіптік білім берудің ел үшін ерекше маңыздылығын көрсетеді. Үкімет алдына экономика құрылымын жаңғырту бойынша өршіл міндеттер қойылды,- деді Олжас Бектенов

Сондай-ақ техникалық мамандықтардың маңыздылығына тоқталды. Әрі қарай Үкімет басшысы колледж директорларымен кездесіп, кадр дайындаудағы өзекті мәселелерді талқылады.

Айта кетейік, биылғы білім бәйгесіне 555 студент қатысып отыр. Олар 30 бағыт бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *