Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.




Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасты.
Фото: Ақорда












