Қазақстанда қараша айы әдеттегіден жылы болады,- Fastnews.kz ақпараттық сайты. 

Синоптиктердің консультативтік болжамына сәйкес, қараша айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1–2 градусқа жоғары болады деп күтілуде.

Дегенмен ай бойы күн райы құбылмалы болмақ. Ел аумағында жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын, тұман және көктайғақ болуы ықтимал. Ал желдің екпіні секундына 15–28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Айдың алғашқы аптасында ауа райы салыстырмалы түрде жылы әрі жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Алайда бірінші онкүндіктің ортасынан бастап алдымен батыс өңірлерде, кейін еліміздің өзге аймақтарында жауын-шашын күтіледі.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *