Мемлекет басшысының өңірлердегі спорттық инфрақұрылымдарды дамыту тапсырмасы негізінде аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың үлкен қолдауымен Қызылорда қаласының сол жағалауында жалпы құны 20,9 млрд теңгені құрайтын 11 мың орындық жаңа стадионның құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Қазіргі таңда стадион құрылысының 75 пайызы аяқталды. Сәйкесінше, батыс және шығыс трибуналарына металл конструкциялары орнатылып, қабырғалар, ішкі бөлмелер мен сыртқы витраждар қаланған.

Сондай-ақ, футбол алаңын жабдықтау, ішкі әрлеу, аумақты абаттандыру және сыртқы аумаққа тас төсеуіш орнату, ғимаратқа электр желілерін жүргізу жұмыстары қолға алынған.

Айта кетейік, жаңа стадионда жасыл алаңнан бөлек, спорттың бірнеше түріне арналған спорт залдары қарастырылған. Атап айтқанда, бокс, күрес залдары, көркем гимнастика, ауыр атлетика, таеквондо және жаттығу залдары қамтылады.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *