Ел Президенті Пәкістан Ислам Республикасына барады
Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.
Фото: akorda.kz












