Қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
Қазақстанның оңтүстік астанасы — Алматыда 2029 жылы Қысқы Азия ойындары өтеді. Бұл туралы Азия Олимпиада кеңесі мәлімдеді.
Азия ойындарын өткізетін қала туралы ресми келісімге 5 ақпанда Миланда қол қойылуы мүмкін.
Айта кетейік, бастапқыда 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясында өткізу жоспарланған еді. Алайда қаңтар айында елдің Олимпиада және Паралимпиада комитеттері Азия Олимпиада кеңесімен бірлесе отырып турнирдің өткізілуі белгісіз мерзімге шегерілгенін мәлімдеді.
Ал соңғы Қысқы Азия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өткен болатын.
Фото: Ақорда












