Қазақстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығулары өтеді
2026 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы-ның бірқатар оқу-жаттығулары мүше мемлекеттердің аумағында, соның ішінде Қазақстанда өтеді,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты. Бұл туралы ұйымның Біріккен штабының бастығы, генерал-полковник Андрей Сердюков мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл бірлескен және жедел дайындық жоспары аясында 60-қа жуық іс-шара ұйымдастыру көзделген. Оның сегізі — командалық-штабтық және арнайы оқу-жаттығулар.
Қыркүйек айында Қазақстан аумағында Орталық Азия өңірінің жедел өрістету ұжымдық күштері қатысатын «Рубеж» бірлескен жаттығуы өтпек. Ал қыркүйек-қазан айларында Ресейде Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің қатысуымен «Өзара іс-қимыл» командалық-штабтық жаттығуы, «Іздеу» арнайы барлау жаттығуы және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге бағытталған «Эшелон» оқу-жаттығуы ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, қазан айында Тәжікстан аумағында «Кобальт» және «Скала» атты арнайы оқу-жаттығулар жоспарланған.
Жаттығуларға Терроризмге қарсы орталық, ТМД Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметі және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы хатшылығының өкілдері бақылаушы ретінде қатысады.
Ұйым өкілдерінің мәліметінше, стратегиялық деңгейде пысықталған құжаттар алдағы уақытта өтетін бірлескен оқу-жаттығуларды жоспарлаудың негізіне айналады.

Фото: ашық дереккөз












