Қазақстандық кәсіпкер Арсен Томский Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне автокөлік сыйлайтынын мәлімдеді,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты. Бұл туралы ол Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Кәсіпкердің айтуынша, чемпионның әкесі Станислав Александровичке Audi Q8 автокөлігі табысталады. Қазіргі уақытта көлік Audi Almaty орталығында иесін күтіп тұр.

«Михаилға осы қуаныш пен мақтаныш сезімі үшін алғыс айтамын. Бұл – шабыт сыйлайтын, ерекше стильдегі алтын жеңіс. Осындай жетістіктің артында тұрған адамға ризашылығымды білдіргім келеді. Сондықтан Audi Q8 көлігін чемпионның әкесіне тарту етемін», – деп жазды Арсен Томский.

Фото: Ашық дереккөз

Ол сондай-ақ Станислав Александровичтің кезінде ұлының арманы жолында өз көлігін сатып жібергенін атап өтті. Әкесі Михаилдың алғашқы бапкері болған.

«Бір кездері ол ұлының арманы үшін өз көлігін сатты. Бүгін сол арман алтынға айналды. Енді бұл көлік – ортақ алғысымыздың белгісі болсын», – деді кәсіпкер.

Бұған дейін әнші Димаш Құдайберген те спортшыға көлік сыйлайтынын хабарлаған еді.

Ал Қазақстандық құрылыс компаниясы Ulytau Group Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа пәтер сыйлайтынын мәлімдеді.

Компания өкілдерінің мәліметінше, спортшыға New City Life тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтер табысталады. Шешім Instagram желісінде жарияланған сторис арқылы белгілі болған.

Алайда құрылыс компаниясы әзірге Михаил Шайдоровпен тікелей байланыса алмағанын атап өтті. Сондықтан баспананы табыстау мәселесін жеке талқылау мүмкін болмай отыр.

«Біз Михаил Шайдоровпен хабарласып, оны құттықтап, Ulytau Group атынан үш бөлмелі пәтерді табыстағымыз келеді. Өкінішке қарай, әзірге онымен байланыса алмай отырмыз. Егер кімде-кім оның байланыс нөмірін білсе немесе бұл хабарламаны жеткізе алса, бізге көмектессеңіздер екен. Біз бұл қуанышты жаңалықты өз чемпионымызбен бөліскіміз келеді», — делінген компания жарияланымында.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *