13 ақпанда Майқайың кентінде көрші орналасқан екі үйден ұзақ уақыт бойы жатқан екі адамның мәйіті табылды, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам мен әйелдің бірі шамамен екі жыл бұрын, екіншісі бірнеше ай бұрын қайтыс болуы мүмкін. Оқиғаға байланысты Павлодар облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мәйіттердің бірі қарт әйел тұрған үйден, екіншісі көрші баспанадан табылған. Болжам бойынша, марқұмдар оның туыстары — күйеуі мен қызы болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Дәрігерлер отбасы мүшелерінің бірі ұзақ уақыт бойы қабылдауға келмей жүргеніне алаңдап, көрсетілген мекенжайға барған. Алайда үйден ешкім есік ашпаған.

Сәуле Шакеневанің мәліметінше, үйлердің бірінде анасы мен кішкентай қыз бірге тұрған. Қазіргі уақытта бала ауруханаға орналастырылған. Алдағы уақытта оны ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала ретінде Екібастұз қаласындағы балаларды қолдау орталығына орналастыру мәселесі қарастырылмақ.

Бала құқығы жөніндегі уәкілдің айтуынша, туыстарының шешімімен қыз балабақшаға бармаған. Сонымен қатар, оқу жылы басталған кезде оның жасы беске енді ғана толғандықтан, мектепке де бармаған. Қазіргі таңда дәрігерлер оның денсаулығы қалыпты екенін, сырт көзге қандай да бір ауытқулар байқалмайтынын хабарлады. Балаға психологтар көмек көрсетіп жатыр.

Бұған дейін кент тұрғындары бұл отбасының бөгде адамдарды үйіне кіргізбейтінін айтқан. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *