Ескі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
Қазақстанда ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттардың айналымдағы мерзімі тағы бір жылға ұзартылды.
Енді олар 2027 жылдың маусым айына дейін қолданыста болады. Бұл туралы брифинг барысында Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Бұған дейін ескі үлгідегі 10 мың теңгелік купюраларды 2026 жылдың маусым айынан бастап айналымнан кезең-кезеңімен шығару жоспарланған болатын. Енді жаңа шешімге сәйкес, олардың қолданыс мерзімі тағы бір жылға ұзартылды.
Фото: ашық дереккөз












