Қызылордадағы Арал ауданында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде «Әйел – махаббат – өмір» атты салтанатты кеш ұйымдастырылып, аудан аруларына ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Мерекелік шараға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев қатысып, Арал өңірінің нәзік жандыларын мерекемен құттықтады.

Әйел-ананың қадір-қасиетін ұлықтайтын сахналық салтанатты кеште Арал топырағынан түлеп ұшқан спорт және өнер иелері аралдық барша нәзік жандыларға бейнеқұттықтау жолдады.

Кеш барысында түрлі салада елеулі еңбек етіп, белсенділігімен ерекшеленген бірқатар аяулы аруларға Арал ауданының Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты мен аудан әкімінің құттықтауы табысталды.

Көпшілік көңілін көтерген салтанатты шарада түрлі жанрдағы өнер туындылары көрермен назарына ұсынылды. Сондай-ақ барша аруларға аудан әкімінің ықылас гүлі тарту етілді.

Мерекелік шара шат-шадыман көңіл күй сыйлаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Жергілікті өнерпаздармен қатар мерекелік кешке арнайы келген жерлесіміз, эстрада әншісі Кеңес Әлімжан және көптеген шет ел сахналарында ән салып, аймақ мерейін үстем етіп жүрген Мақсат пен Ұлдана жұбы әсем әндер орындап, аналардың мерейін асырып, нәзік жандыларға ән шашуын арнады.

Фото: Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *