Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты қар құрсауында қалған жүздеген адам құтқарылды. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, аймақта 400-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланған.

Атап айтқанда, Абай, Бұқар жырау және Осакаров аудандарында қарға кептеліп қалған көліктерден адамдар шығарылып, жақын маңдағы елді мекендерге және арнайы ұйымдастырылған жылыту пункттеріне жеткізілді.

Сонымен қатар «Астана – Қарағанды» тасжолында болған жаппай жол-көлік оқиғасына байланысты 111 адам Теміртау қаласындағы жылыту орындарына орналастырылды.

Құтқару жұмыстары төтенше жағдайлар қызметінің бақылауында болып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жалғасуда.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *