Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Жанібек Әлімханұлының орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алып қойды.

Халықаралық бокс федерациясының ережесіне сәйкес, чемпион титулді жеңіп алғаннан кейін 9 ай ішінде міндетті қорғау жекпе-жегін өткізуі тиіс еді.

«Бүгін IBF шешімі келді. IBF ұйымының қатал ережелері бар, хатында соған сілтеме жасалған. Хатқа сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін бокстан шеттетіледі. Сондай-ақ, ережелер бойынша әрбір чемпион өз белбеуін тоғыз ай ішінде қорғауы тиіс, яғни Жәнібек оны 2026 жылғы 4 шілдеге дейін қорғауы қажет», — деді Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков.

Айта кетейік, былтыр желтоқсан айының басында қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына ілігіп, салдарынан оның жекпе-жегі тоқтатылды. Бұл жағдай спорт қоғамында үлкен резонанс тудырды. Ал Жәнібек Әлімханұлы допинг-тестке қатысты пікір білдіріп, өзінің таза спортты қолдайтынын ашық айтқан еді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *