Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Аранды ауылдық округіндегі №72 референдум учаскесінде бір көшенің келіндері ауызбіршіліктің жарқын үлгісін көрсетіп, дауыс беру учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Ақ жаулықты аналардың жолын жалғаған жас келіндер ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділіктерін танытып, маңызды саяси науқанға атсалысты. Олар референдумның маңыздылығын атап өтіп, әрбір азаматтың өз таңдауын жасау арқылы мемлекет дамуына үлес қоса алатынын жеткізді.
Береке мен бірлікті ту еткен келіндер елдің ертеңі үшін жауапкершілік танытып, көпшілікке үлгі боларлық игі бастама көрсетті.
Осындай ұйымшылдық пен ынтымақ – қоғамдағы татулық пен тұрақтылықтың айқын көрінісі
Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *