Теңізді өлке — Арал ауданындағы Мергенсай ауылдық округіндегі көп балалы Алтын алқа және Күміс алқа иелері ұйымшылдықпен келіп №23 референдум учаскесінде бір мезетте дауыс берді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Дауыс беруге келген алтын құрсақты аналар қатарында 8 алтын алқа және 9 күміс алқа иелері бар. 11 баланы өмірген әкелген ең қарт батыр ана Балзира Тілеужанова да өз таңдауын жасады.

Аталған ауданда саяси науқанға деген белсенділік жоғары. Айталық, Арал қаласындағы №44 референдум учаскесіне халық көптеп келуде. Келушілер алтыбақан теуіп, ұлттық тағамдардан дәм татуда.

Сондай-ақ осы аулыдағы Раевтар әулетінің 9 келіні келіп өз таңдауларын жасады. Референдум учаскесіне әндетіп келген әулет келіндері ел болашағы үшін жасалып жатқан саяси науқанда осылайша ауызбіршілік танытты.

Референдум учаскесі сағат 07:00-ден бастап ашылды. Комиссия мүшелері сайлаушыларды тіркеу, бюллетеньдерді беру және дауыс беру тәртібін сақтау жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруда. Барлық рәсімдер ашықтық пен заңдылық қағидаларына сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі референдум барысы жақсы өтіп жатыр. Бұл науқанның ашық әрі ұйымдасқан түрде өтуін айғақтауда. Аудан тұрғындарының жаппай келуі азаматтардың саяси белсенді болуының көрінісі. Таң сәріден бастап келушілер легі азаяр емес. Отбасы мүшелерінің бірлесіп келу жағдайлары жиі кездесуде.” — деді сайлау комиссиясының төрағасы С.Садықов

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *