Қызылорда облысындағы Тереңөзек кентінің №155 сайлау учаскесінде Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, 105 жастағы Яхия Тасыров дауыс беріп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайт
Ғасыр жасаған қария ел болашағына бей-жай қарамай, маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Бүгінде ол облыстағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері ретінде үлкен құрметке ие. Қарты бар ел – қазыналы ел десек, бейбіт күннің қадірін терең түсінетін ардагердің ақ батасы мен өнегесі кейінгі ұрпақ үшін әрдайым құнды.
Қарт майдангер елдің тұрақтылығы мен болашағы үшін әр азаматтың дауыс беруі маңызды екенін атап өтіп, мұндай саяси науқанға қатысу – әрбір азаматтың борышы екенін жеткізді.
– Еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін әркім өз таңдауын жасауы керек. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, – дейді Яхия Тасыров.
Ардагердің бұл игі ісі жастарға үлгі болып, ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсенді қатысудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындап отыр.
Фото: Сырдария ауданының әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *