Референдум күні 585 сәби дүниеге келді
15 наурызда республикалық референдум өткен күні, еліміздегі перзентхаларда 585 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жаңа туған нәрестелердің 310-ы ұл және 275-і қыз. Оның ішінде Ақтөбе және Түркістан облыстарында 2 егіз тіркелді.
«Барлық өңірде медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, жоғары біліктілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, референдумда Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама деректері бойынша 86,7% дауыс беруші жаңа Конституцияны қабылдауды қолдаған.
Фото: ДСМ












