Қызылорда: Аймақ ұстаздары су тапшылығына қатысты әдістемелік байқауға қатысты
Қызылорда облысының мұғалімдері «Тамшының шытырман оқиғалары» сериясынан суға ұқыпты қарау туралы эко-ертегілер жасау» республикалық әдістемелік әзірлемелер байқауы аясында балаларға түсінікті және қызықты ертегі форматы арқылы суды үнемді пайдаланудың маңыздылығын түсіндіретін авторлық әңгімелер әзірлеуде.
Ұстаздар суға ұқыпты қарау туралы алғашқы эко-ертегілерді жазды. Осы кезеңде әдістемелік әзірлемелер байқауы Қызылорда облысының мектепке дейінгі мекемелерінің педагогтары мен бастауыш сынып мұғалімдері арасында өтуде. Пилоттық формат үздік білім беру практикаларын пысықтауға мүмкіндік береді, содан кейін жобаны Қазақстанның басқа өңірлеріне тарату жоспарлануда.
Бастама Арал теңізі бассейніндегі балалар мен жастарға экологиялық білім беру жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба Француз даму агенттігінің (AFD) және UNICEF Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігімен, Білім Министрлігімен, «су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ және Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетімен ынтымақтастықта жүзеге асырылады.
Педагогтар өз жұмыстарында басты кейіпкердің — Тамшы атты су тамшысының шытырман оқиғалары туралы ертегі әңгімелерін жасайды. Кейіпкерлер мен сюжет арқылы балалар суға ұқыпты қараудың неліктен маңызды екенін, оны қалай ұтымды пайдалану керектігін және су ресурстары елдің басты табиғи байлықтарының бірі екенін біледі.
Эко-ертегілер 3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға арналған және білім беру процесінде — сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда және балабақшаларда қолданылады. Бұл формат балалардың экологиялық әдеттерін қол жетімді және ойын түрінде қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, құрастырылған ертегілер негізінде мұғалімдердің өздері қысқа анимациялық бейнелер дайындайды, бұл экологиялық оқиғаларды одан да көрнекі етеді және суға ұқыпты қарау тақырыбына көбірек балаларды тартуға көмектеседі.
Байқау қорытындысы бойынша сарапшы қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды. Үздік үш автор Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің дипломдарымен, сондай-ақ 100 мың теңге сомасында сертификаттармен марапатталады.
Таңдалған эко-ертегілерді педагогикалық тәжірибелердің ашық банкіне енгізу жоспарлануда, осылайша әзірленген материалдарды бүкіл ел бойынша педагогтар пайдаланады.
Фото: ұйымдастырушылардан












