Наурызнама онкүндігі: Шаңырақ күні
Бүгін Наурызнама онкүндігінің кезекті «Шаңырақ күні».
Қазақ үшін шаңырақ қасиетті ұғым. Отбасының бірлігі мен берекесінің нышаны. Елтаңбамызда шаңырақтың бейнеленуі де елдігіміз бен бірлігіміздің айғағы.
Бұл күні әулет мүшелері үлкен үй – қара шаңыраққа жиналып, бас қосып, бір-бірімен қауышады. Отбасылық құндылықтарды дәріптеп, туыстық қарым-қатынасты нығайту осы күннің басты мәні.
Сондай-ақ бұл күні ақ отау тігіліп, шаңырақ көтерген жас жұбайлардың некесі қиылып, жаңа отбасының іргесі қаланады. «Шаңырақ күні» – отбасы бірлігін ұлықтап, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыратын ерекше мереке.
Сурет: Gemini AI












