Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Жаңақорған кентінде «Ұлтымыздың ұлылығы – ұлттық киімде» атты челлендж және шеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін кеңінен насихаттау және жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

Шара барысында Жаңақорған кентінің орталық көшелерімен өнерпаздар, спортшылар, жастар және мекеме қызметкерлері ұлттық киімдермен шеру жасап өтті. Қатысушылар қазақтың дәстүрлі киім үлгілерін көпшілікке таныстырып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Фото: Жаңақорған ауданының әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *