АҚШ-тың Мичиган штатында тұратын 19 жастағы жігіт лотереядан 533 мың доллар (шамамен 266 миллион теңге) ұтып алды.

Жас жігіт жұмысқа бара жатқан жолда жанармай құю бекетіне тоқтап, Fast Cash лотереясының билетін сатып алған. Қорғаныш қабатын сүртіп тастағаннан кейін ол ірі көлемдегі ұтысқа ие болғанын көреді. Алайда алғашында өз бақытына бірден сене қоймаған.

Анамда Мичиган лотереясының қосымшасы бар. Джекпот ұтқанымды көргенде, билет шын екенін тексеру үшін одан қарап беруін өтіндім, – дейді ол.

Ұтыс сомасын нақты көрген сәтте жігіт анасымен бірге қуаныштан секіріп кеткен. Ол қомақты қаржыны бірден жұмсамай, болашаққа сақтап қоюды жоспарлап отыр.

Фото: Арман Мухатов

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *