Президент өкімімен екі әскери қолбасшы тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Десанттық-шабуылдау әскерлері мен «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қолбасшы тағайындалды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Махсут Курманалиевич Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.
Фото: Ақорда












